Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы. Негізгі тезистер

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы. Негізгі тезистер

Негізгі тезистер:

🔹 Адамзат жаңа тарихи кезеңге қадам басуда, бұл кезең ірі мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың ушығуымен сипатталады.
🔹 Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады.
🔹 Заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі комитет Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта құрылады.
🔹 Ұлттық банк негізінде цифрлық активтер бойынша мемлекеттік қор құру қажет.
🔹 Алатау қаласына ерекше мәртебе беріліп, ол тікелей Үкіметке бағынатын болады.
🔹 Қазіргі басты мәселе – экономикалық өсімді «жеп қоятын» жоғары инфляция.
🔹 Екінші және үшінші АЭС құрылысына жоспарлауды қазірден бастау қажет.
🔹 Ұлттық азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – өзекті мәселе болып отыр.
🔹 Жер сапасын, өнімділікті және ауыл шаруашылығы дақылдарының жағдайын сараптау үшін жасанды интеллект енгізу қажет.
🔹 Коммуналдық желілердің тозуын азайту үшін саланы жаңғыртып, тарифтерді көтеру және жеке инвестиция тарту жоспарлануда.
🔹 Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия кеңістігіндегі жетекші авиациялық хабқа айналу.
🔹 Аймақтардан елордаға көші-қон ағымының салдарынан қаланың жылумен және сумен қамтамасыз ету жүйелерінің тұрақтылығы қауіп астында тұр.
🔹 Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру қажет.
🔹 Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру керек. Бұл – самокаттарға да қатысты.
🔹 Футбол клубтарын жекешелендіру процесін жалғастыру қажет.
🔹 Қазақстан Сенатын таратып, Парламентті бір палаталы ету ұсынылды.
🔹 предложил упразднить сенат Казахстана и сделать парламент страны однопалатным