Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығына сәйкес, Қаратал ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобы Қаратал ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
4) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
6) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10 бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Қаратал ауданының Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы - 12 мүше, олардың ішінде 9 мүше - коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың өкілдері, 3 мүше - мемлекеттік органдардың өкілдері.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері - (10 жұмыс күн) 2025 жылғы 27 қаңтардан бастап ақпан айының 7-не дейін.
Қаратал ауданының Қоғамдық кеңесіне кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган - Қаратал аудандық мәслихатының аппараты, байланыс телефоны: 8 (72834) 2-03-36, пошта мекенжайы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы 9, индекс 041000, электрондық пошта - karatal.maslihat@mail.ru. Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 09.00 ден сағат 18.30 ға дейін Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы 9, 1 қабат, 10 кабинет, мекен жайы бойынша жүзеге асырылады (түскі үзіліс сағат 13.00 ден сағат 14.30 ға дейін).
Қаратал аудандық мәслихаты
Қаратал ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес үйымнан
ҰСЫНЫС
Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына сәйкес (коммерциялық емес ұйымның атауы)
(коммерциялық емес ұйымның тіркелген мекен жайы)
Қаратал ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына
(ұсынылатын кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты)
ұсынады.
(коммерциялық емес ұйым басшысының қол таңбасы
фамилиясы, аты, әкесінің аты және коммерциялық
емес ұйымның мөртаңбасы)
Қаратал ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттың өмірбаян деректері көрсетілген, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер
нөмірі
(қызметтік) (ұялы) (үй)
" " 2025 ж.
(толтырылған датасы ) (коммерциялық емес ұйым басшысының қол таңбасы)
* Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ұлты және партиядағы мүшелігі кандидаттың қалауынша көрсетіледі.
Қаратал аудандық мәслихаты
(өтініш иесінің фамилиясы, аты, әкесінің аты)
(тұрғылықты мекен-жайы, облыс, аудан, қала,
кент, ауыл, көше, үй, пәтер)
Қаратал ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидатура туралы азаматтан
ҰСЫНЫС
Мен,
(ұсыныс енгізіп отырған тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты)
(ұсынылып отырған кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты)
кандидатурасын Жетісу облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына қосу үшін ұсынамын.
" " 2025 ж.
(өтініш иесінің қолтаңбасы)
Қаратал ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттың өмірбаян деректері көрсетілген, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер
нөмірі
(қызметтік) (ұялы) (үй)
" " 2025 ж.
(толтырылған датасы) (өтініш иесінің қолтаңбасы)
* Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ұлты және партиядағы мүшелігі кандидаттың қалауынша көрсетіледі.