2025 жылдың 18 тамызында Қаратал аудандық мәслихатының тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру бойынша аудан аумағында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы» мансап орталығы филиалы директорының хабарламасы.
Баяндамашы: Д.Ашықбаев – Қаратал ауданының мансап орталығы филиалының директоры.
- «Аудан аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көркейту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жұмыстары туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының есебі.
Баяндамашы: Т.Уәлиев - аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.