Қарасу ауданының Қоғамдық кеңесіне конкурс өткізу туралы
Қарасу ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі жұмыс тобы Қарасу ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізеді.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсына алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат он сегіз жасқа толған, сондай – ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті деңгейде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
Конкурсқа қатысу үшін:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды дербес немесе қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның қатысуымен ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды ұсынуға жазбаша келісіммен ұсынады.
Қоғамдық Кеңеске сайлау үшін тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін Кандидат конкурсқа жіберілмейді.
Жұмыс тобының құжаттарды қабылдауы 2025 жылғы 11-24 қаңтар аралығында Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі 68. "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, электрондық пошта: maslihatkarasu@mail.ru