Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру

 

Қарасу аудандық мәслихаты хабарлайды:

 

          «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                    8-бабы 2,3-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты төрағасының 2024 жылғы  13 желтоқсандағы № 62  өкімінің негізінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.

 

Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

 

Жұмыс тобының сандық құрамы: 7 (жеті) адам.

 

Мемлекеттік органнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірі.

 

Азаматтық қоғамнан өкілдік ету: Жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен екісі. Азаматтық қоғамнан өкілдік ету коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

 

Пошталық мекенжайы: "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" ММ, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі, 68, 3-қабат, жұмыс телефондары:                  8 (714-52) 21-788, 8 (714-52) 21-258.

Электрондық поштаның мекенжайы: maslihatkarasu@mail.ru

 

Жұмыс режимі: "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" ММ сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс сенбі, жексенбі.

 

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде (2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда сағат 18.00-ге дейін).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына:

 

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

 

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

 

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

 

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

 

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

 

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады.

 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.

 

Қарасу аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы шамамен мына күндері өтетінін хабарлаймыз:

 

2024 жылғы 26 желтоқсанда бірінші отырыс

2025 жылғы 28 қаңтарда екінші отырыс

Отырыстар мына мекенжай бойынша өткізіледі: Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі, 68, 3-қабат, жұмыс телефондары: 8 (714-52) 21-788, 8 (714-52) 21-258.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

* Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ережеге 1-қосымша

 

Нысан

 

 Кімге: Қарасу аудандық мәслихаты

(республикалық деңгейдегі мемлекеттік

 

органның атауы немесе жергілікті

 

 өкілді органның атауы)

 

______________________________

_________________________________

(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке куәлігі №____, берілді (қашан, қайдан))

___________ тұратын.

(елдімекен, көше, үй, пәтер)

 

                              

 

Өтініш

 

       Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

 

      ______________________________________________

 

       Осы өтінішпен мен «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы                               2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

 

      Мынадай құжаттарды ұсынамын:

 

      1) _________________________________________________________________

 

      2) _________________________________________________________________

 

      3) _________________________________________________________________

 

      4) _________________________________________________________________

 

      5) _________________________________________________________________

 

      6) _________________________________________________________________

 

      7) _________________________________________________________________

 

     20___  «____»  ___________  Өтініш берушінің қолы _______________