Байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 желтоқсандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» ММ береді не электрондық поштасына жібереді.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа, 2024 жылғы 13 желтоқсан сағат 09.00-ден 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 17.00-ге дейін "Қарасу аудандық мәслихатының аппараты" ММ, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі, 68, 3 мекенжайы бойынша қабылданады -Е қабат, жұмыс телефондары:

 8 (714-52) 21-788, 8 (714-52) 21-258, электрондық пошта мекенжайы: maslihatkarasu@mail.ru

 

Қоғамдық кеңес туралы
үлгілік ережеге
2-қосымша

Нысан

Кімге ______________________
(республикалық деңгейде
мемлекеттік органның атауы
немесе жергілікті
өкілді органның атауы)
__________________________
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен _____________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, жөні, тегі
(бар болған жағдайда), жеке
куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

Өтініш

      Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

      Мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) ________________________________________________________

      2) ________________________________________________________

      3) ________________________________________________________

      4) ________________________________________________________

      5) ________________________________________________________

      6) ________________________________________________________

      7) ________________________________________________________

      20___ жылғы «____»             Өтініш берушінің қолы ___________