2025 жылдың 24 сәуірінде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесі жаңа құрамының бірінші отырысы өткізілді.
Отырысты аудандық мәслихат төрағасы Бауыржан Бақтыбайұлы Айнабеков ашып, бірінші сөз кезегін қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының төрайымы Байбосынова Сара Құзырқызына берді.
Сара Құзырқызы сөзінде, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылдың ақпан айынан бастап Қарасай ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы өз жұмысын жүргізгенін және нәтижесінде, Жұмыс тобының 2025 жылғы 01 сәуіріндегі отырысының № 3 шешімінің негізінде, Қарасай аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 04 сәуірдегі №12- Ө өкімімен Қарасай ауданының қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілгенін айтты.
Бұдан кейін Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлауға ұсыныстар берілді. Кеңес мүшелерінің дауыс беру нәтижесінде Исағұлов Жанат Молдағұлұлы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды. Исағұлов Ж. отырысты жалғастырды.
Отырыстың күн тәртібіне қаралуға төмендегі сұрақтар ұсынылды:
(«Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауда сараланған тарифтерді белгілеу туралы» аудан әкімдігінің қаулының жобасы)
Баяндаушы: Шакиров Жанат Ержанұлы – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
(«Қарасай ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 тамыздағы №18-5 шешіміне және Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы №652 қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы жобасы)
Баяндаушы: Малдыбаев Ғазиз Кенжекеұлы –
жер қатынастар бөлімінің басшысы
(«Қарасай ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және шығару бойынша халыққа арналған тарифтерді бекіту туралы» аудан әкімдігінің қаулының жобасы)
Баяндаушы: Қазиев Салават Бейсенбекұлы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы
Қоғамдық кеңес мүшелерінің көптеген сұрақтарына баяндаушылар нақты жауаптарын қайтарды. Одан кейін кеңес мүшелердің ұсыныс-тілектері тындалып, тиісті шешімдер қабылданды.