Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

2025 жылдың 02 шілдеде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында  Қарасай ауданының Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне қаралуға төмендегі сұрақтар ұсынылған:

  1. Қарасай ауданының полиция басқармасының ауданда криминогендік жағдайды болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндаманы тыңдау.

Баяндаушы: Зауланбаев Нұсқабек Абдығалиұлы –        полиция басқармасының басшысы

  1. Қарасай ауданында ветеринариялық-эпизоотологиялық жағдайы, қаңғыбас иттер мәселесі, т.б. жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндаманы тыңдау.

     Баяндаушы: Жарболов Жанат Рыскелдіұлы –

     ветеринария бөлімінің  басшысы

Қарасай ауданының полиция басқармасының басшысы Зауланбаев Н.А. ауданда криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы атқарылып жатқан жұмыстары туралы және қызмет барысында туындап жатқан проблемалық мәселелерін де  толығымен баяндап, қоғамдық кеңес мүшелерінің көптеген сұрақтарына нақты жауаптарын қайтарды.

Келесі баяндаушы, ветеринария бөлімінің басшысы, Жарболов Ж.Р. 2025 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін жоспар бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамасын жасады.

Қоғамдық кеңестің мүшелерінің ұсыныс-тілектері тындалып, «есеп қабылданды»  деген  шешімдер  қабылданды.