Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

2025 жылдың 30 мамырында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  Қарасай ауданының Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне қаралуға төмендегі сұрақтар ұсынылған:

  1. Аудан инфрақұрылымын дамыту және өзге де мемлекетік бағдарламалар аясында өз міндеттерін жұзеге асыру бойынша және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының  есебін тындау.

Баяндаушы: Сұлтанов Ерлан Ырғызбайұлы – аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы

  1. Ауыл шаруашылығы бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары туралы басшысының есебін тыңдау.

     Баяндаушы: Жарқымбаев Сырым Ақылжанұлы – аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

  1. Қоғамдық кеңестің қызмет бағыттары бойынша комиссияларды және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

Бірінші сұрақ бойынша аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Сұлтанов Ерлан Ырғызбайұлы келмеуіне байланысты, оның есебі қоғамдық кеңестің келесі отырысына ауыстырылды.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сырым Жарқымбаев атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпаратты толығымен баяндап, қоғамдық кеңес мүшелерінің көптеген сұрақтарына нақты жауаптарын қайтарды. Қоғамдық кеңестің мүшелерінің ұсыныс-тілектері тындалып, «есеп қабылданды»  деген  шешім қабылданды.

Отырыстың үшінші мәселе бойынша қоғамдық кеңестің қызмет бағыттары бойынша комиссиялардың құрамдары және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.