
Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы А.Ж.Бөкеновтың төрағалығымен VIII шақырылымның кезекті LI сессиясы өтіп, онда келесі мәселелер қаралды:
2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және 2026–2027 жылдардағы алдағы жылыту маусымына дайындық міндеттері туралы.
Қала әкімдігінің кәріз желілерінің жұмысы туралы ақпараты.
Пленарлық отырысқа: қала әкімінің орынбасарлары, Қазыбек би атындағы аудан мен Әлихан Бөкейхан ауданының әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен қала қызмет көрсетуші кәсіпорындарының басшылары, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Кожакапанов Р.М. баяндама жасап, Қарағандыда жылыту маусымы тұрақты өткенін, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жылу электр станцияларында жөндеу науқаны басталғанын хабарлады. Сонымен қатар, ТЭЦ-3-ті кеңейту жобасы жүзеге асырылуда, бұл қаладағы жылу мен электр энергиясына деген өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Кожакапанов Р.М. баяндама жасап, қолданыстағы кәріз желілерін қайта жаңғырту және жөндеу, сондай-ақ жаңа кәріз желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қосымша баяндама жасап, қала әкімдігіне және барлық мүдделі органдарға ұсыныстарды Қарағанды қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ашимов Т.М. жеткізді.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің өтінішіне сәйкес, кезекті сессияда Қарағанды қаласында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға өзгерістер енгізілді.