Қарағанды қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Д.В. Дедовтың төрағалығымен Қарағанды қаласының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы туралы кезекті сессияда қаралатын мәселені талқылау басталды.
Бірлескен отырыс барысында:
- «Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ басшысы Б.К.
- «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Д.А. Шакенов,
- «Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Т.Е. Абылкасымов,
- «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы О.П. Шотт есепті жылы бюджет бағдарламаларын іске асырудың тікелей және түпкілікті көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат ұсынды.