Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары №1–7 сайлау округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары №1–7 сайлау округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары №1–7 сайлау округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, абаттандыру, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да бағыттар бойынша сұрақтар талқыланды. Барлық көтерілген мәселелерге тиісті түсіндірмелер беріліп, нақты жауаптар ұсынылды.
Іс-шараға Қазыбек би атындағы аудан әкімі Оспанов Е.С. және мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, мәселелерді жан-жақты қарастыруға мүмкіндік туды.
Осындай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға ықпал етіп, алдағы уақытта да жалғасын табады.