Бүгін Бөкенов А.Ж. төрағалығымен Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылымының XLVIII кезекті сессиясы өтті

Бүгін Бөкенов А.Ж. төрағалығымен Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылымының XLVIII кезекті сессиясы өтті

Бүгін Бөкенов А.Ж. төрағалығымен Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылымының XLVIII кезекті сессиясы өтті. Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

- 2026 жылы Қарағанды қаласында су тасқыны кезеңіне дайындық туралы Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты;

- Қарағанды қаласында газдандыру бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат;

- Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының есептері;

- Қарағанды қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы №218 «Қарағанды қаласы аумағын аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

- Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Сессия жұмысына Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарлары Камзин К.А., Кожақапанов Р.М., Қазыбек би атындағы аудан әкімі Оспанов Е.С., Ә.Бөкейхан атындағы аудан әкімі Күлекеев Д.Б., Қазыбек би атындағы ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Камалиев Т.К., сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

2026 жылы Қарағанды қаласында су тасқыны жағдайына дайындық мәселесі бойынша Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Кожақапанов Р.М. ақпарат берді, қосымша баяндамамен қалалық мәслихаттың құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әшімов Т.М. сөз сөйледі.

Мәселе бойынша қарау қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы әкімдігіне келесі ұсыныстар берілді:

— бірқатар мекенжайларда автожолдардың жыл сайын су басу жағдайларын жою шараларын қабылдау;

— су тасқыны қаупі бар көшелер мен аумақтарда дренаждық жүйелер мен құбырларды дайындау және оларды тұрақты түрде тазалау жұмыстарын қамтамасыз ету;

— автомобиль жолдарынан қарды уақтылы шығаруды ұйымдастыру;

— Федоров су қоймасы маңында орналасқан бау-бақша қоғамдарының су басуына жол бермеу;

— Соқыр өзенінде және Федоров су қоймасына апаратын каналдарда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізу;

— су ағысының табиғи арнасын сақтау бөлігінде мердігер ұйымдардың жұмысына тұрақты бақылау жасау;

— шағын және орта бизнес субъектілерімен, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарымен бірлесіп, аула аумақтарынан қар шығару және нөсерлі кәріз жүйелерін тазалау жұмыстарын қамтамасыз ету;

— жеке сектор тұрғындарымен су тасқынына дайындық бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

— жауын-шашын және еріген суды жинауға арналған жергілікті су қабылдағыштар салу мүмкіндігін қарастыру.

Газдандыру бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Қамзин Қ.А. ақпарат берді, қосымша баяндамамен құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Әшімов Т.М. сөз сөйледі.

Талқылау қорытындысы бойынша:

— газ тарату желілерін салу және абоненттерді қосу мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты күшейту;

— халыққа құқықтық және консультациялық қолдау көрсете отырып, техникалық шарттарды беру мерзімін жеделдету;

— газбен жабдықтау мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштерін жедел қабылдау үшін 104 телефон нөмірін бекіту шараларын қабылдау;

— газдың шығуын жедел анықтауға арналған жылжымалы зертханалар сатып алу мүмкіндігін қарастыру;

— Қарағанды қаласында газдандырудың барлық кезеңдері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында әзірлеп, жариялау ұсынылды.

Сондай-ақ сессия барысында Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылдағы жұмысы туралы есептері тыңдалды. Ақпаратпен құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ашимов Т.М., экономика, даму бағдарламалары, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Дедов Д.В., әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Платонова М.С., заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Садыков Р.И. сөз сөйледі.