VІIІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті XLVІІІ сессиясын шақыру туралы
VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті XLVІІІ сессиясы 2026 жылғы 25 ақпанда 10:00 сағатта келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Қарағанды қаласы әкімдігінің 2026жылы Қарағанды қаласындағы су тасқыны жағдайына дайындық туралы ақпараты.
- Қарағанды қаласы әкімдігінің газдандыру бағдарламасын іске асыру туралы ақпараты.
- Құрылыс, көлік және қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жыл бойынша есебі.
- Заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жыл бойынша есебі.
- Әлеуметтік сала және қаланы әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жыл бойынша есебі.
- Экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2025 жыл бойынша есебі.
- VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы.
- VІІI шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
- Әр түрлі.
Қалалық мәслихат төрағасы А. Бөкенов