Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды қаласының Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті.

Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары мен қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
Салтанатты іс-шара аясында Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов және Қарағанды қалалық мәслихат төрағасы Алтынтөре Бөкенов қаланың дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан тұрғындарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады. Марапаттау 10 түрлі номинация бойынша өткізіліп, қоғамдық, кәсіби және әлеуметтік салаларды қамтыды.
Мерекелік концерт жоғары деңгейде өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын көңіл күй сыйлап, туған Қарағандыға деген бірлік пен мақтаныш сезімін арттырды.