15–16 қазан күндері Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы» тақырыбында XII Қазақстанның Азаматтық форум өтті.
Форум жұмысына Қарағанды қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаттары және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.
Форумға 700-ден астам делегат – ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпустың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қоғамдастық, отандық және халықаралық сарапшылар жиналды.
Сонымен қатар, форумға алты елден келген шетелдік делегаттар, соның ішінде елшіліктер мен халықаралық құрылымдардың өкілдері қатысты.
Пленарлық және секциялық отырыстар барысында қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру, азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық бақылауды кеңейту, сондай-ақ ҮЕҰ мен жастар бастамаларын, цифрлық жобаларды қолдау мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті қатысушыларға жолдаған үндеуінде мемлекет азаматтық қоғамды дамытуға және қоғамдық институттармен серіктестікті нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Қарағанды қаласы делегациясының форумға қатысуы тәжірибе алмасуға, өзара диалогты нығайтуға және ортақ бастамаларды әзірлеуге маңызды мүмкіндік болды.