Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде «Қарағанды қаласындағы экологиялық жағдай, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді сақтау жөніндегі жұмыстар» мәселесі қаралды.

Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде «Қарағанды қаласындағы экологиялық жағдай, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді сақтау жөніндегі жұмыстар» мәселесі қаралды.

Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде «Қарағанды қаласындағы экологиялық жағдай, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді сақтау жөніндегі жұмыстар» мәселесі қаралды. Бірлескен отырысты заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Садыков Р.И. жүргізді.

Отырысқа Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы Бөкенов А.Ж., қалалық мәслихат депутаттары, Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Кулатаева А.З., Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Тазабеков А.Н., Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Кабаев Д.Д., Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары Дюсембеков А.С., БАҚ өкілдері және қаладағы жасыл желектерді сақтау жөніндегі уақытша комиссия мүшелері қатысты.

Отырыста рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және шығару, жасыл желектерді сақтау, сондай-ақ Қазыбек би ауданы мен Әлихан Бөкейхан ауданы әкімдері аппараттары тарапынан дендрологиялық жоспарды енгізу бойынша кешенді жұмыстың болмауы мәселелері қаралды.

Аталған мәселе салалық мамандардың қатысуымен қайта қаралатын болады.