Құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Әшімов Т.М. төрағалығымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде «Қарағанды облысы бойынша РМК «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының қызметін қарау туралы» мәселе қаралды.
Бірлескен отырысқа қалалық мәслихат депутаттары, Қарағанды облысы бойынша РМК «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалының басшысы Темирханов Н.С., Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ботнарь Г. және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыста жол құрылыс материалдарының сапасына жүргізілетін сараптамалар, асфальт жабындысы, нысандарды пайдалануға қабылдау, қалада жөнделіп жатқан барлық жолдардың сапасына кешенді сараптама жүргізу, асфальт-бетон зауыттарының жұмысы, сондай-ақ сынама алу (сараптама) үдерісіне қоғамдық өкілдер мен округтерден сайланған депутаттардың қатысуы мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша бұл мәселені Қарағанды облысы бойынша РМК «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы, Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және жол құрылысы саласының мамандарының қатысуымен қайта қарау ұсынылды.