Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде: «Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан атындағы аудандар әкімдіктері аппараттарының 2025 жылғы абаттандыру жұмыстары және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы ақпарат» мәселесі қаралды

Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде: «Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан атындағы аудандар әкімдіктері аппараттарының 2025 жылғы абаттандыру жұмыстары және 2026 жылға арналған жоспарлары туралы ақпарат» мәселесі қаралды. Бірлескен отырысты Қарағанды қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әшімов Т.М. жүргізді.

Отырысқа Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы Бөкенов А.Ж., қалалық мәслихат депутаттары, Қазыбек би ауданының әкімі Оспанов Е.С., Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Кулекеев Д.Б., сондай-ақ «Мәдениет және демалыс парктерін басқару» КМК директорының орынбасары Бикенов Е.Ж. қатысты.

Ақпаратпен Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының әкімдері – Оспанов Е.С. пен Кулекеев Д.Б., сондай-ақ «Мәдениет және демалыс парктерін басқару» КМК директорының орынбасары – Бикенов Е.Ж. таныстырды.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар келесі ұсыныстарды берді:

Қазыбек би ауданы бойынша:

  • Кепілдік мерзімі өткен, соның ішінде кепілді қызмет көрсету аясында тұрған аулалық және балалар ойын алаңдарын шұғыл жөндеуден өткізу шараларын қабылдау;
  • Аулалық және балалар ойын алаңдарын түгендеу (паспортизациялау) жұмыстарын аяқтау;
  • Крылов көшесі 4–11 үйлер, Орбита ықшам ауданы 16 үй, Лободы көшесі 27–27/2 үйлер аралығындағы аулаларды абаттандыру бойынша шаралар қабылдау;
  • Жаңа балалар ойын алаңдарын, аулалық аумақтар мен скверлерді сапалы және 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін мерзімінде аяқтау;
  • «Алаш» скверіндегі қоғамдық дәретхананың жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің қарсысындағы Кинолентаның сыртқы көрінісін жақсарту мәселесін қарастыру;
  • Шарттық міндеттемелерін орындамайтын мердігер ұйымдармен талап-арыз жұмысын күшейту;
  • Аумақтық депутаттармен бірлесе отырып, барлық нысандардың электр қауіпсіздігіне түгендеу жүргізу.

Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша:

  • Кепілдік мерзімі өткен, соның ішінде кепілді қызмет көрсету аясында тұрған аулалық және балалар ойын алаңдарын шұғыл жөндеуден өткізу шараларын қабылдау;
  • Аулалық және балалар ойын алаңдарын түгендеу жұмыстарын аяқтау;
  • Жаңа балалар ойын алаңдарын, аулалық аумақтар мен скверлерді сапалы және 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін мерзімінде аяқтау;
  • М. Мамраев скверін, Горняк ықшам ауданын, «Мирас» емханасы, «Прогресс» дүкені (Пришахтинск), «Сырдария» дүкені (Майқұдық), Шығыс-1 ықшам ауданы, 6 үй маңын абаттандыру бойынша шаралар қабылдау;
  • Лиза Чайкина көшесіндегі қураған ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізу;
  • Шарттық міндеттемелерін орындамайтын мердігер ұйымдармен талап-арыз жұмысын күшейту;
  • Аумақтық депутаттармен бірлесе отырып, барлық нысандардың электр қауіпсіздігіне түгендеу жүргізу.

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне:

  • Кепілдік мерзімі өткен, соның ішінде кепілді қызмет көрсету аясында тұрған скверлерді шұғыл жөндеуден өткізу шараларын қабылдау;
  • Скверлерді түгендеу жұмыстарын аяқтау;
  • Жаңа скверлерді сапалы және 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін мерзімінде аяқтау;
  • Жеңіс саябағындағы жасыл желектерді толық жарықтандыру және суару шараларын қамтамасыз ету;
  • Триатлон паркін коммуналдық меншікке қабылдап, әрі қарай күтіп-ұстау шараларын қабылдау;
  • Парктер мен скверлердің дамуы мен тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Шарттық міндеттемелерін орындамайтын мердігер ұйымдармен талап-арыз жұмысын күшейту;
  • Аумақтық депутаттармен бірлесе отырып, барлық нысандардың электр қауіпсіздігіне түгендеу жүргізу.