Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы Бөкенов А.Ж. және «QAZAQGAZ AIMAQ» Қарағанды өндірістік филиалының бас директоры Шұға Б.К., Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары мен филиалдың инженерлік-техникалық құрамының қатысуымен қаладағы газдандыру және өзге де проблемалық мәселелер бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Жұмыс кеңесінің нәтижесі бойынша келесі қажеттіліктер айқындалды:

  • Қаланың жергілікті атқарушы органдарына «QAZAQGAZ AIMAQ» ҚӨФ директорының қатысуымен тұрғындар арасында көшелерді газдандыру, газ алу үшін қажетті құжаттар, техникалық шарттарды алу және есептегіш орнату мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.
  • «Қарағанды Су» ЖШС, «Теплотранзит Караганда» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС – «QAZAQGAZ AIMAQ» ҚӨФ бірлесе отырып апатты учаскелерді қазу мәселелері бойынша келісілген түрде («бегунок» тәртібімен) жұмыс жүргізу.
  • Қала әкімдігі жанынан газ инспекциясы қызметін құру қажеттілігі туындап отыр.

«QAZAQGAZ AIMAQ» Қарағанды өндірістік филиалына:

  • Кезекші және апаттық қызметтердің штат санын арттыру және арнайы техника сатып алу мәселесін қарастыру.
  • Газ тарататын басты тарату станцияларын стратегиялық маңызы бар нысандар тізбесіне енгізу үшін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселесін қарастыру.

Қарағанды қалалық мәслихатының аппаратына:

  • 1440 нөмірін шұғыл медициналық, құқық қорғау, өртке қарсы, апаттық және өзге де қызметтер тізіміне енгізу жайлы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныс енгізу. Бұл нөмір байланыс қызметін пайдаланушылар үшін тегін болуы және газ тарату желілеріндегі ақаулар бойынша шұғыл қоңыраулар қабылдауға арналуы тиіс.