Қазақстан мен Франция арасындағы бизнес-форум — Қарағанды үшін жаңа мүмкіндіктер!

Қазақстан мен Франция арасындағы бизнес-форум — Қарағанды үшін жаңа мүмкіндіктер!

Қазақстан мен Франция арасындағы бизнес-форум — Қарағанды үшін жаңа мүмкіндіктер!

Астанада өткен Қазақстан-Франция ірі бизнес-форумына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бектенов О.А. қатысты.

Қарағанды облысының атынан облыс әкімі Бөлекпаев Е.Қ. сөз сөйлеп, өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін таныстырды. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық аясындағы жаңа серіктестік бағыттары талқыланды.

Форум жұмысына Қарағанды қаласының әкімі Кожухов М.М. және "Қарағанды Су" ЖШС-нің Бас директоры Төлеуов Е.У. қатысты.

Форум нәтижесінде Қарағанды қаласы үшін аса маңызды құжат — әлемге танымал SUEZ компаниясымен меморандум жасалды. Бұл келісім қаладағы су ресурстарын басқару мен су үнемдеу бағыттарына заманауи экологиялық шешімдерді енгізуге жол ашады.

Су саласындағы озық технологияларды енгізу — қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам!