А.Ж Бөкеновтың төрағалығымен Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті XXXVII сессиясы өтті

А.Ж Бөкеновтың төрағалығымен Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті XXXVII сессиясы өтті

А.Ж Бөкеновтың төрағалығымен Қарағанды қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті XXXVII сессиясы өтті.

Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары Камзин Қ.А., Жиенбаев Д.С., Қожақапанов Р.М., Қарағанды қаласы мен аудандарының Ардагерлер кеңесінің төрағалары, қаланың Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  • Қарағанды қаласы әкімдігінің 2024 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы есебі;
  • Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының кепілдік мерзіміндегі жолдар және 2025 жылға арналған жоспарлар туралы ақпараты;
  • Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары мен мөлшерін айқындау туралы мәселе.

Бірінші мәселе бойынша Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Апақашева А.К. баяндама, қосымша баяндаманы – қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Құрманғалиев Е-Д.Т. жасады. Ол бюджеттің кіріс бөлігі бойынша орындалуын талдау жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың бюджеттің кіріс көздерін арттыруға бағытталған шараларды қабылдағанын көрсетті. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, қаланың коммуналдық меншігіндегі нысандарды жөндеуге, абаттандыруға және ұстауға қосымша қаржы бөлуге мүмкіндік берді.

Кепілдіктегі жолдар мен 2025 жылға арналған жоспарлар туралы Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Кокушев Е.Е. баяндама жасады.

Депутаттар келесі ұсыныстарды білдірді:

  • Автомобиль жолдарын жөндеу кезінде төсеу сапасы мен қолданылатын материалдарға сараптама жүргізу жұмыстарын күшейту, бұл жұмысқа қалалық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерін тұрақты түрде тарту;
  • Қаланың автомобиль жолдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеудің бастапқы кезеңінде жүргізілетін сараптамалар санын көбейту;
  • Қайта жаңғырту, құрылыс және күрделі жөндеу жүргізілетін автомобиль жолдары бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу (2025 жылғы 16 мамырдағы Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығына сәйкес);
  • Құрылыс, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу нысандарын пайдалануға берер алдында орындалған жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама қорытындысын өткізу және бұл туралы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттарын міндетті түрде хабардар ету;
  • Кепілдік мерзіміндегі 81 жол учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Күн тәртібіндегі «Тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттары мен мөлшерін айқындау туралы» мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Жиенбаев Д.С. баяндама жасап, ал қосымша баяндама жасаған – қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Платонова М.С. Ол бұл шешім жобасының әлеуметтік маңызы зор екенін және тұрғын үй несиелерін рәсімдеу бойынша жүктемені азайтуға ықпал ететінін атап өтті.