«Тарих шабыттандырады: Берген Бейсекеұлы Бейсекеев атындағы кабинеттің ашылуы»

«Тарих шабыттандырады: Берген Бейсекеұлы Бейсекеев атындағы кабинеттің ашылуы»

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов, облыстық мәслихат депутаттары Абсалям Карин, Александр Куприенко, Асқар Оразбеков көрнекті педагог Бейсекеев Берген Бейсекеұлын еске алуға арналған Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев атындағы мектепте тарих кабинетінің салтанатты ашылуына қатысты.

Берген Бейсекеұлы Бейсекеев (01.01.1922-22.04.2000) - ҚазКСР білім беру ісінің үздігі, 45 жылдан астам тарих және қазақ тілі мұғалімі, оның ішінде 28 жыл - осы мектептің директоры қызметін атқарған. Берген Бейсекеұлы талантты педагог қана емес, Ұлы Отан соғысы майданында қаһармандық көрсеткен нағыз патриот болды. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Ашылу салтанатына Нұра аудандық мәслихатының төрағасы Қуаныш Жүнісбеков, Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов, ақсақалдар, педагогтар, ауыл тұрғындары, сондай-ақ ардагердің ұлы Ғалым Бейсекеев және көрнекті ұстаздың ұрпақтары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, Берген Бейсекеұлы Бейсекеев атындағы тарих кабинеті жастардың тарихымызға деген қызығушылығын туғызатын орынға айналады.

Кабинетте ғылыми жобаларды іске асыру, тарихи-танымдық сабақтар мен зияткерлік байқаулар ұйымдастыру жоспарлануда.

Өз сөзінде: «Осы маңызды оқиғаны ұйымдастыруға ат салысқан жандардың барлығына алғыс айтамын. Бұл кабинеттің ашылуы ұлағатты ұстазға көрсетілген құрмет қана емес, болашақ ұрпақ үшін тарихи мұраны сақтаудағы маңызды қадам екеніне сенімдімін», - деді Нұркен Кобжанов.

Жаңа тарих кабинетінің ашылуы ауыл мектебі үшін маңызды оқиға болды. Енді оқушылар заманауи оқу материалдары мен интерактивті технологияларды пайдалана отырып, өткенді зерттеуге тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.