«Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі»

«Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі»

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, концлагерь тұтқындарын, блокадашыларды құттықтауға арналған маңызды іс-шараға қатысты.

Айтулы іс-шара Жеңіс күнінің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында облыс әкімінің қатысуымен өтті, ол біздің бостандығымыз үшін бар күш-жігерін салып, өмірлерін құрбан еткен тұлғаларды жадымызда сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара аясында ардагерлер Мемлекет басшысы тағайындаған «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Нұркен Кобжанов өз құттықтау сөзінде: «Бұл жай ғана мерекелік медаль емес, бұл – ерлікке деген құрмет пен тағзымның символы. Марапатталғандардың әрқайсысы жеке бір тарих, олар – қиын сынақтардан өтіп, бейбіт аспан астында өмір сүру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған жандар. Олардың батылдығы мен төзімділігі бейбіт күнді бағалаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Тарихтың сол парақтарын есте сақтап, келер ұрпаққа жеткізу – біздің басты міндетіміз», - деп атап өтті.

Осы айтулы күндерде Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шығармашылық кештер ұйымдастырып, материалдық көмек көрсете отырып оларға деген үлкен құрмет пен  шынайы алғыстарын білдіруде.