Нұркен Кобжанов "Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС-де Наурыз мерекесіне арналған және 2024-2025 жыл жылыту маусымының аяқталуына орайластырылған іс-шараға қатысты

Нұркен Кобжанов "Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС-де Наурыз мерекесіне арналған және 2024-2025 жыл жылыту маусымының аяқталуына орайластырылған іс-шараға қатысты

Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС-де Наурыз мерекесіне арналған және 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының аяқталуына орайластырылған іс-шараға қатысты.

Бұл оқиға көктемгі жаңару мен қыс айларында жасалған маңызды жұмыстың қорытындыларының көрісіне айналды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасына сәйкес, 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы ағымдағы жылыту маусымының тұрақты өтуінің маңыздылығын атап өтіп, жылу орталығын модернизациялаудағы жетістіктерді айтты.

«Сіздер - Еңбек адамысыздар. Күн сайын қаланың тұрақты жылумен қамтамасыз етесіздер. Сіздердің жұмыстарыңыз - бұл тек Шахтинск тұрғындарының үйлеріндегі жайлылық қана емес, сонымен қатар ертеңгі күнге сенімділік. Бұл - сондай-ақ отбасылардың тыныштығы, балалар мен қарттардың денсаулығы», - деді облыс әкімі, әрбір жұмысшы үлесінің маңыздылығын ерекше атап көрсете отырып.

Іс-шара барысында кәсіпорынның үздік қызметкерлері марапатталды. Халыққа қуаныш пен бірлік атмсферасын сыйлаған мерекелік концерт ұйымдастырылып, қуанышты күнде жылулық пен жайлылық сезімін ұялатқан тәтті тағамдар ұсынылды.

Айта кету керек, Шахтинск ЖЭО-да облыстық бюджет қаражаты есебінен станцияның негізгі және қосалқы жабдықтары жаңартылды, заманауи техника сатып алынды, әкімшілік корпус жөнделді және тағы басқа ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы жылу көзінің тұрақты және сапалы жұмысын қамтамасыз ету және жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.

Өз кезегінде Нұркен Кобжанов депутаттық корпус тарапынан кезекті сессияда облыстық бюджетті бекіту кезінде қажетті қолдау көрсетілетінін, бұл Шахтинск өңірі тұрғындарының инфрақұрылымын жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.