Облыстық мәслихат депутаттары аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған күндізгі болу орталығына арналған ғимаратты қайта жаңарту барысымен танысты

Облыстық мәслихат депутаттары аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған күндізгі болу орталығына арналған ғимаратты қайта жаңарту барысымен танысты

Облыстық мәслихат төрағасы Н.С. Кобжанов облыстық мәслихат депутаттары К.Б.Оспанова, Ж.Серікұлымен бірлесіп, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Төлеу Мұхтар мен мердігердің қатысуымен аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған күндізгі болу орталығына арналған ғимаратты қайта жаңарту барысымен танысты.

Қазіргі уақытта мұнда облыстық бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жалғасуда. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл ғимаратта паралимпиадалық спорт түрі – боччадан облыстық құрама командасының жаттығуына және кәсіби дайындығына арналған жаттығу орталығы болады. Осыған байланысты мүгедектер арбасын пайдаланатын балалар үшін негізгі қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, кіреберісте пандус пен көтергіш құрылғыларды орналастыру мәселелерін талқылады. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары жұмыс сапары барысында Бахрейнде өткен Manama 2025 World Boccia Challenger халықаралық рейтингтік турнирінде ел намысын қорғаған боччистер - қола медаль қанжылаған Анастасия Кутурман мен әдемі ойын өрнегін көрсеткен Аружан Жеңісті құттықтады.