Облыстық мәслихат төрағасы Н.С. Кобжанов бастаған облыстық мәслихат депутаттары Р.Қ. Әбдікеров, А.Б.Әбдікәрімов, А.Е.Карин, А.Г.Куприенко, Ж.Серікұлы Қарағанды қаласындағы көкөніс қоймалары мен әлеуметтік павильондарға барып қайтты.
Депутаттардың жұмыс сапары мемлекеттік органдар өкілдерінің және «Сарыарқа» ӘКК ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Жаровтың қатысуымен өтті.
Облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс сапарының мақсаты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында облыста жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу болды.
Қазіргі уақытта «Сарыарқа» ӘКК ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және қайта өңдеу кәсіпорындарымен форвардтық келісімшарттар жасасу арқылы тұрақтандыру қорына өнім сатып алуды жүзеге асыруда. Баға деңгейі көтерілген жағдайларда ӘКК Қарағандының әлеуметтік павильондары мен ірі сауда нүктелері арқылы тұрақтандыру қорының өнімдерін нарықтық бағадан төмен, тіркелген бағамен сату жолымен тауарлық интервенцияларды жүзеге асырады.
Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін ӘКК әлеуметтік павильондары мен сауда нүктелеріне тіркелген төмендетілген бағалар бойынша жеткізу міндеттемелерінің орнына кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлігіне жеңілдікпен кредит беру тетігі іске асырылды.
Жұмыс сапарының қорытындылары, сондай-ақ тұрақтандыру қорының ресурстарын ұтымды пайдалану және азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермеу мәселелері облыстық мәслихаттың бейіндік комиссиясының алдағы отырысында қаралатын болады.