Нұркен Кобжановтың төрағалығымен облыстық мәслихат депутаттары Қ.Оспанова, Е.Халилин, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Ж. Сәпиев, спорт мектептерінің, федерациялардың басшылары мен жаттықтырушылардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Өңірде көкпар, бәйге, бұқаралық көкпар, аударыспақ, жамбы ату, садақ ату, асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, теңге алу сияқты ұлттық спорт түрлерімен 18763 адам айналысады, 61 жаттықтырушы жұмылдырылған.
Кеңеске қатысушылар облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, командалардың республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын қарастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Облыстық мәслихат төрағасы, Қарағанды облысының ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті Нұркен Кобжанов: «Өңірімізде ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және дамыту, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын насихаттау арқылы, бірінші кезекте, жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу - ұлттық спорт түрлерінің барлық федерациялары қызметінің басты мақсаты», - деп атап өтті.
Өңірде ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері депутаттық корпустың бақылауында.