Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов Энергетик күніне орай облыс әкімінің қатысуымен өткен салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шарада энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері де қатысты.
Өңір басшысы өз сөзінде сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, жаңа өндіруші қуаттарды жаңғырту және іске қосу, «жасыл энергетикаға» көшу және облыстағы энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдағы міндеттерді атап өтті.
Бұл күні саланың үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Көп жылғы адал еңбегі және электр энергетикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін облыстық мәслихат депутаты Андрей Ляпунов «Құрмет» орденімен марапатталды.
Нұркен Кобжанов сала қызметкерлерін құттықтап, «Энергетика экономиканың негізгі, стратегиялық маңызды салаларының бірі болып табылады, оны дамытуға мемлекеттік басымдық беріледі. Саланы дамытуға жыл сайын облыстық бюджеттің жалпы көлемінен кемінде 10% бөлінеді. Бүгінгі таңда ауа-райына, жыл маусымына және тәулік уақытына қарамастан мыңдаған білікті мамандар үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуде. Сала қызметкерлерінің кәсіби білімі мен тәжірибесінің арқасында Қарағанды облысының энергетика базасы қаланды. Энергетиктердің қазіргі буыны өңірдің энергетикалық жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, осы сала ардагерлерінің үздік дәстүрлерін лайықты түрде жалғастыруда», - деп атап өтті.
Энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, тұрақты және табысты жұмыс қызмет тілейміз!