Нұркен КОБЖАНОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының Төрағасы:
«Amanat» партиясы Қарағанды облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ай сайын мемлекеттік органдарды тарта отырып, облыс тұрғындарының өтініштері қаралады.
Кезекті жеке қабылдауға өңіріміздің 6 тұрғыны: мемлекеттік тілді дамыту, теннис спортынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт және оңалту орталығын салу үшін жер учаскесін алуға жәрдемдесу, Бұқар жырау ауданында тұрғын үймен қамтамасыз ету, Қарағанды қаласының жеке секторындағы көшелерді асфальттау, азаматтық-құқықтық қатынастар және т. б. мәселелер бойынша жүгінді.
Қабылдау жұмысына жергілікті атқарушы органдар: облыстық ішкі саясат, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт басқармалары, Қарағанды қаласының әкімдігі, Бұқар жырау ауданының әкімдігі қатысты. Талқылау барысында өтініш білдірушілерге тиісті түсініктемелер берілді.
Уәкілетті органдарға қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес мәселелерді шешу бойынша қажетті жәрдем көрсету ұсынылды.