«АМАНАТ» партиясының бірінші облыстық әйелдер форумы

«АМАНАТ» партиясының бірінші облыстық әйелдер форумы

Бүгін «AMANAT» партиясының мемлекеттік басқаруға әйелдердің қатысуын кеңейту жөніндегі шараларды жандандыру қажеттілігіне арналған бірінші облыстық әйелдер форумы өтті. Біздің облыстың түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды. Олар саяси және қоғам қайраткерлері, іскер әйел, қоғамдық пікір көшбасшылары, сондай-ақ көп балалы аналар.

Форум жаңа бастамаларды, әйелдердің қоғам өміріндегі рөлін арттыруға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, жеке өсуі үшін жағдай жасауға арналған жалпы тәсілдерді әзірлеу үшін диалог алаңы болды. Әйелдер құқығын іске асыру үдерістерінің тиімділігі туралы айтылды.

Осылайша, сайлаудағы партиялық тізімдердегі әйелдер өкілдігін квоталау өкілді органдардағы әйелдер өкілдігін кеңейтуге мүмкіндік берді. Бүгінде облыстық мәслихатта әйелдердің үлесі 17% - құрайды. Ал облыстың барлық аудандық және қалалық мәслихаттарында - 21%. Бұл аймақтағы әйелдердің саяси рөлінің артқанын көрсетеді.

«AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринова жаңа жоба – әйелдер қанатын құру туралы айтып, мысал ретінде халықаралық тәжірибе келтірді. Инновацияның мәні – әйелдердің мемлекетіміздің саяси өміріне көбірек қатысуы.

«AMANAT» партиясы әйелдер қанаты жұмысының 10 басымдығын қалыптастырды, оның ішінде — отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу, өндірістегі еңбекті қорғау, ауылдағы бизнес, отбасының денсаулығы мен құндылықтары, экономикалық құқықтар, әйелдердің ғылымдағы рөлі және басқалар. Әр бағыт бойынша сараптамалық топтар жұмыс істейді, проблемаларды шешуге өз көзқарастарын ұсынады. Әйелдер қанатын құру – бұл партияның дамуындағы белгілі бір кезең.

Партияның Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен партияның облыстық филиалы жанындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесші лауазымына біздің әріптесіміз, облыстық мәслихат депутаты Зара Шалабаева ұсынылып, бекітілді.

Зара Хамитқызын құттықтаймыз! Сізге сәттілік пен барлық мақсаттарды жүзеге асыруды тілейміз!

Сондай-ақ, форумда партия ардагерлеріне алғыс хаттар табысталды.