
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезектен тыс IX сессияда облыстың нақтыланған бюджетін қабылдады.
Нұркен Кобжановтың төрағалығымен кезектен тыс IX сессияда облыстың нақтыланған бюджеті қаралып, қабылданды. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2023 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді. Облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстары бойынша өзгерістер туралы қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина хабарлады.
Людмила БАШАРИНА, қаржы басқармасының басшысы:
«Шығыстар құрамында: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға; іс-шараларды іске асыруға және әлеуметтік саланы дамытуға; жолаушылар көлігін дамытуға; тұрғын үй салуға және сатып алуға; индустриялық аймақтың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға; шағын және орта бизнес кредиттеріне ішінара кепілдік беруге; қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға және т. б. қаражат ескерілді. Бұдан басқа, бөлінген қаражат шегінде облыстық бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері ішінде қаражатты қайта бөлу ескерілді».
Енгізілетін өзгерістер облыстық бюджет комиссиясында, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында, облыстың қоғамдық кеңесінің отырысында қаралды.
Кезектен тыс IX сессияда депутаттық корпус денсаулық сақтау басқармасының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емдеу кезінде қазақстандықтардың жекелеген санаттарына қосымша ұсыну бағдарламасына енгізілетін өзгерістер бойынша ұсыныстарын қолдады. Сонымен қатар, депутаттар Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы комиссиялардың дербес құрамына енгізілген өзгерістерді бекітті. Сондай-ақ, Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының құрамында өзгерістер болды, олар кезектен тыс сессияда қолдау тапты.
Сессияда бірқатар басқа мәселелер қаралды. Бекітілді:
- азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, оларға бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілейді;
- Қарағанды облысының Теміртау қаласында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері.
Сессия жұмысына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. Өңір басшысы облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.