Қарағанды облыстық мәслихатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы қаралды.
13 қарашада депутат Аян Әбдікәрімовтың төрағалығымен өткен бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында қаржы, экономика, мемлекеттік сатып алу басқармалары, тексеру комиссиясы, облыстық әкімдік және мәслихат аппараттары бюджеттерінің жобалары қаралды.
Алдағы кезеңге арналған облыстық бюджет жобасымен таныстыра отырып, қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина облыстық бюджеттің кірістері мен шығындары, салықтық және салықтық емес түсімдер туралы хабардар етті. Облыстық басқармалар шығындарының бағыттары, сондай-ақ сайлаушылармен кездесулердің қорытындысы бойынша қалыптастырылған және облыстық деңгейде шешуді және қаржыландыруды талап ететін мәселелер талқыланды.
Бұдан басқа, отырыста депутаттық корпус «Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына» түзетулер енгізу мәселесін қарады.
Татьяна АБЛАЕВА, экономика басқармасының басшысы:
«Облыстың даму жоспарына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының, жекелеген тапсырмаларының ережелерін орындау мақсатында, сондай-ақ іске асыру бойынша жүргізілген мониторинг пен бағалау қорытындылары бойынша түзетулер-өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жалпы, облыстың даму жоспарының жобасында 125 индикатор көзделген, оның ішінде 20 стратегиялық көрсеткіштер картасының индикаторы, 101 ұлттық жобалардың индикаторы, 4 қосымша индикатор».
Жоспар жобасы 9 бағытты қамтиды:
Отырыс қорытындысы бойынша келіп түскен депутаттық ұсыныстарды ескере отырып, қаржы, экономика, мемлекеттік сатып алу басқармаларының, тексеру комиссиясының, облыс әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің, облыстық мәслихат аппаратының «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» ақпаратын депутаттық корпус қабылдады.
Қаржы басқармасына 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасына түпкілікті ұсыныстар енгізу ұсынылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер: бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарау және Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер енгізу туралы мәселесі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қарауына енгізілді.