Қарағанды облыстық мәслихатында ай сайын мемлекеттік органдарды тарта отырып, облыс тұрғындарының өтініштері қаралады.
Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжановтың кезекті жеке қабылдауына Қарағанды қаласының тұрғындары жүгінді: Оңтүстік-Шығыс-2 МӨБ төрағасы Николай Казинский, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Михаил Кузив, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Талғат Тұтқушев.
Қарағанды қаласының ТБИ ауданы мен Бұқар жырау ауданының Новоузенка елді мекені арасындағы учаскеде күл үйіндісін салу, автотұрақты нүктелі салу, автомобиль жолын жөндеу, «Орбита» автомобиль базары ауданында жер учаскесін салу және т. б. мәселелер қаралды.
Қабылдау жұмысына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сержан Аймақов, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Қамзин, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман Дардақов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары және жол ифроқұрылымын дамыту бөлімінің басшысы Аян Шағдат, «Энергоцентр» ЖШС директоры Флюр Гарипов қатысты.
Талқылау барысында өтініш білдірушілерге тиісті түсініктемелер берілді.
Барлық сұрақтар бақылауға алынды. Уәкілетті органдарға қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес, олардың шешімі бойынша қажетті жәрдем көрсету ұсынылды