Нұркен Кобжанов: «Ауылдық өңірлердегі мәселелерді кешенді тәсілмен шешу қажет»

Нұркен Кобжанов: «Ауылдық өңірлердегі мәселелерді кешенді тәсілмен шешу қажет»

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов, мәслихат депутаттары А. Әбдікәрімов, Р. Әбдікеров, И.Жабяк, Ж. Серікұлы өңірлерге жұмыс сапарлары аясында Абай ауданы Южный кенті мен Құлайғыр ауылының жергілікті қоғамдастығымен кездесті. Абай аудандық мәслихатының төрағасы Д.Сәкеновпен және аудан әкімінің орынбасары Е.Асқаровпен бірлесіп өзекті мәселелерді талқылады.

Облыстық мәслихат депутаттарының Южный кентінің тұрғындарымен кездесуінде бірқатар өзекті бағыттар қаралды. Олардың ішінде: тазарту құрылыстарын қайта жаңарту, Шерубай-Нұра станциясының су құбыры желілерін жөндеу, ескі үйлерді бөлшектеу және ҚТҚ полигонын салу. Сондай-ақ маңызды мәселелердің бірі – Оңтүстік Топар кен басқармасының қызметі тоқтатылғаннан кейін жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыстың болмауы талқыланды.

2020 жылдың мамыр айында Теміртау электрометаллургиялық комбинаты Южный кентіндегі Оңтүстік Топар кен басқармасының жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты бүгінгі күні жергілікті тұрғындар басқа өңірлерде вахталық әдіспен жұмыс істеуге мәжбүр.

Кездесуде спорт алаңдарын орнату, әлеуметтік нысандар салу, жолдарды жөндеу мәселелері талқыланды. Осы және басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, Южный кентінде биыл 6 көшедегі жол төсемін жөндеу жоспарлануда. Үздіксіз сумен жабдықтау қамтамасыз етілді. Алайда, су бұру мәселесін шешу қажет.

Құлайғыр ауылының тұрғындары да проблемалық мәселелерді көтерді. Ең бастысы – бөгеттің түбін тазарту және оны тереңдету. Мәселе ерекше депутаттық бақылауға алынды. Облыстық мәслихаттың төрағасы Нүркен Кобжанов атап өткендей, мұнда кезең-кезеңмен жұмыс істеу маңызды, бастау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет.

Сондай-ақ, ауылда дәріхана, жүн қабылдау пункттері, пластик, қоқыс шығару, мал жаю сияқты өзекті бағыттар қаралды. Халықпен көшпелі кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады. Тұрғындар көтерген барлық мәселелер – депутаттық корпустың бақылауында.