Нұркен Кобжанов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болды

Нұркен Кобжанов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да болды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ – қазақстандық болат және тау-кен өндіруші компания. Оның құрамында 3 департамент бар: Болат, Көмір және Темір рудасы, онда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың барлығы біздің белсенді сайлаушыларымыз болып табылады. Бүгін Мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов металлургия басқармасының №4 домна пеші мен табақ прокат цехында болды.

Кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонскиймен кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық нормаларды сақтау бойынша қойған міндеттерін іске асыру барысы талқыланды. Компанияның Бас директоры өндірісті жаңғырту мәселелеріндегі жоспарларымен бөлісті.

Кәсіпорын жүйе құраушы болып табылады және оның қызметіне Теміртау, Шахтинск, Абай сияқты қалалар тәуелді. Кездесу барысында компанияның әлеуметтік жауапкершілігі, технологиялық және экологиялық қауіпсіздігі, моноқалаларды абаттандыру, коммуналдық мәселелерді шешу және т.б. жұмыстарға ерекше назар аудару қажеттігі туралы айтылды.