ҚР Парламенті Сенатында мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

ҚР Парламенті Сенатында мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Парламенттің жоғарғы Палатасының спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кездесуде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясындағы міндеттер талқыланды.

Отырыс барысында заңдарды қабылдау, өңірлердегі заңдар мен бағдарламалардың орындалу барысын бақылау, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бойынша алдағы бірлескен жұмыста басым бағыттар айқындалды.

Сондай-ақ, мәслихаттар төрағаларының Палатаның тұрақты комиссияларының мүшелерімен кездесуі өтті. Түрлі саладағы өзекті мәселелер қаралып, онда өңірлердің өкілдері жергілікті жерлерде олардың шешімін табуы туралы ойларын ортаға салды. Оның ішінде заңнама нормаларын жетілдіру және бақылау функцияларын арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Мәулен Әшімбаев бұл жұмыс жалғасатынына сендірді. Сенат өңірлердегі өзекті мәселелерді ашық талқылауға және оң шешуге арналған алаң болады.