Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы сайланды. 22 желтоқсанда Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешовтың төрағалығымен онлайн режимде кезектен тыс XXII сессия өтті.

Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы сайланды. 22 желтоқсанда Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешовтың төрағалығымен онлайн режимде кезектен тыс XXII сессия өтті.

Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы мәселе облыстық мәслихаттың сессиясында өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың, оның орынбасарларының, облыстық басқармалардың, департаменттердің, Облыстың Қоғамдық кеңестің басшыларының қатысуымен қаралды.

Серік ӨТЕШОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы:

«Облыстық сайлау комиссиясының құрамы 2019 жылы облыстық мәслихаттың шешімімен 5 жылға, 2024 жылға дейін қалыптасты. Кейбір мүшелердің облсайлауком құрамынан өз еркімен шығуына байланысты 5 бос орны пайда болды. Сайлау комиссиясының мүшелерін бос орындарға іріктеу үшін уақытша комиссия құрылды».

Мәслихат белгіген мерзімде желтоқсанның 1-нен 15-не дейінгі аралыта үш саяси партия мен екі қоғамдық бірлестіктен бес ұсыныс түсті.

- Асылбекова Сандуғаш Сәбетқызы – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.

- Ақпанова Айғаным Жолшорақызы – «Қазақстан азаматтары» ҚБ кандидат.

- Нұркенов Қайрат Қаршығаұлы – «AMANAT» партиясының кандидат.

- Русаков Евгений Валерьевич – «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ кандидат.

- Есмағанбетов Саян Амантайұлы - Қазақстан Халық партиясы саяси партиясынан кандидат.

Барлық кандидатураларды депутаттар бірауыздан қолдады.

Жанна ШТЕРГЕР, облыстық мәслихаттың облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру жөніндегі Уақытша комиссияның төрағасы:

«Ұсынылған бес кандидатураның барлығы «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 19-бабының талаптарына сәйкес келеді. Яғни, соттылығы жоқ, әрекет қабілетінде шектеу жоқ. Бір ұйымның қызметкерлері болып табылмайды, осы комиссияның құрамын құраған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрады».

Сондай-ақ сессияда Қарағанды облысының барлық деңгейдегі әкімдерінің халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесін келісу мәселелері қаралды; облыс әкімдігінің дербес құрамы, сондай-ақ бірқатар басқа консультативтік-кеңесші органдардың құрамы бекітілді.

Сессия жұмысына өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. Депутаттардың алдында сөз сөйлеп, 2023 жылға арналған жоспарларымен таныстырды.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды облысының әкімі:

«Келесі жылы біз денсаулық сақтау және білім беру салаларында үлкен құрылыстың басталуын күтеміз. 22 медициналық нысан мен 18 мектеп салу жоспарланған. Сіздердің тарапыңыздан осы міндеттерді орындау сапасына, уақтылы мерзімдері бойынша мониторингке белсенді қатысуды сұрағым келеді».