
Тәуелсіздік күні - еліміздің басты мемлекеттік мерекесі.
Егемендік алған жылдарында республикада экономиканың барлық салаларында айтарлықтай өзгерістер мен реформалар болды. Мемлекеттік институттарды қалыптастыру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін көп нәрсе жасалды. Қазіргі кездегі ең маңызды мәселе - егемендіктің жетістіктерін сақтау және арттыру.
Еліміздің қол жеткізген жетістіктері – барлық қазақстандықтардың бірлігінің нәтижесі.
Республикамызға және туған өлкеміз Қарағандыға өркендеу, әрбір қазақстандық отбасына бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз.
Құрметпен,
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары