Қарағанды облыстық мәслихатында бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Қарағанды облыстық мәслихатында бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Біржановтың төрағалығымен депутаттық корпус 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде облыстық бюджет жобасын; 2022 жылғы 9 айдағы Қарағанды облысының даму жоспарын іске асыру барысын; 2022 жылғы бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның есебін және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын қарады.

Алдағы кезеңге арналған облыстық бюджет жобасын таныстыра отырып, қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина облыстық бюджеттің кірістері мен шығындары, салықтық және салықтық емес түсімдер туралы хабардар етті. Облыстық басқармалар шығындарының бағыттары, сондай-ақ сайлаушылармен кездесулердің қорытындысы бойынша қалыптастырылған және облыстық деңгейде шешуді және қаржыландыруды талап ететін «Депутаттар бастамаларының пулын» іске асыру мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, депутаттық корпус отырысында экономика басқармасының 2022 жылғы 9 айдағы Қарағанды облысының даму жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпараты тыңдалды және қабылданды.

Отырыс қорытындысы бойынша бейіндік комиссияның 2022 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды, комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.