БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2026 жылғы 27 тамызда сағат 11:00-де Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан Қарағанды облыстық мәслихатының конференц-залында Қарағанды облыстық мәслихатының құрылыс, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.
Қарағанды облысының қалалары мен аудандары үшін отырыс ZOOM қосымшасы арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде өтеді.
Отырыс аясында келесі мәселе қаралатын болады:
Отырыс барысында қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру, қалдықтарды бөліп жинау, сұрыптау және кәдеге жаратуды дамыту, сондай-ақ Қарағанды облысының аумағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларды іске асыру мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Талқылауға Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, БАҚ өкілдері қатысады.
Отырысқа қатысу және қосымша ақпарат бойынша:
Телефон: 506-673 (ішкі 6107)
Е-mail: obl@karoblmaslihat.gov.kz
Отырыстың онлайн-көрсетілімі: