АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:00-де Қарағанды облыстық мәслихатының конференц-залында Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.

Отырыс аясында келесі мәселелер қаралатын болады:

  1. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау аясында ПАЗ есірткі тұтынудың алдын алу және халық арасында есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігі мен әдістері туралы.
  2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 маусымдағы №407 «Қарағанды облысындағы спорт саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы» шешімін орындау аясында Қарағанды облысы бойынша, оның ішінде қалалар мен аудандар бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы проблемалық мәселелерді жүйелі шешу жөніндегі 2027-2029 жылдарға арналған іс-шаралардың перспективалық жоспарын қарау.
  3. Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 «Амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысы» жобасын «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларының тізбесіне енгізу мүмкіндігін қарау туралы.
  5. Қарағанды облысы бойынша денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы.
  6. Қарағанды облысының өңірлік нышанын бекіту туралы.

Мәселелерді талқылауға Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары, бейінді мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысады.

Қатысу бойынша сұрақтар мен қосымша ақпарат үшін:

Телефон: 506-673 (ішкі 6113)

Е-mail: obl@karoblmaslihat.gov.kz

Отырыстың онлайн көрсетілімі:

https://www.youtube.com/@%D0%93%D0%A3%D0%90%D0%BF%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%82/streams