Облыстық мәслихат депутаттары спорт қауымдастығын Спорт күнімен құттықтады

Облыстық мәслихат депутаттары спорт қауымдастығын Спорт күнімен құттықтады

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов және облыстық мәслихат депутаттары Е.Т. Әбілдин, Е.Б. Жүнісов, О.С. Нұрқазов, Е.Б. Халилин, З.Х. Шалабаева кәсіби мереке –  Қазақстан Республикасының Спорт күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ә.Ү. Әлденей, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Қ. Нұратов, ҚР ҰОК Спорт департаментінің директоры Б.Б. Қиятбай, спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, спортшылардың ата-аналары және спорт қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Салтанатты іс-шара барысында дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін спортшылар, жаттықтырушылар, спорт мектептерінің қызметкерлері және басқа да сала өкілдері марапатталды. Оларға облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың алғыс хаттары, Туризм және спорт министрлігінің «Спорт саласының үздігі», «Дене шынықтыру мен спортқа сіңірген еңбегі үшін», «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгілері, Ұлттық олимпиада комитетінің құрмет грамоталары және басқа да марапаттар табыс етілді.

Халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар ерекше атап өтілді. Іс- шара аясында 2024 және 2025 жылдардағы Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілттері табысталды.

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов спорт қоғамдастығының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жоғары жетістіктер қол жеткізіп, Қарағанды облысы мен Қазақстанның намысын халықаралық аренада лайықты қорғап жүрген спортшыларды мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі таңда біздің алдымызда спорттық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, спорт федерациялары мен мектептерін қолдау, бұқаралық спортты насихаттау және барлық қалалар мен ауылдарда дене шынықтырумен айналысу үшін тең мүмкіндіктер жасау міндеттері тұр. Күш-жігерімізді біріктіре отырып біз Қарағанды облысының спорттық дәстүрлерін нығайтып, жаңа нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін», – деді Нұркен Кобжанов.

Облыстық мәслихат төрағасы спортшыларға, жаттықтырушыларға, ардагерлерге және дене шынықтыру мен спорт саласының барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.