Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Қарағанды облыстық мәслихаты төрағасының өкімі

 

 Қарағанды қ.                                   № 2-6/1-47                       2026 жылғы 28 мамыр

 

Облыстық мәслихаттың кезекті XХХV сессиясын

шақыру туралы

 

Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті XХХV сессиясы 2026 жылғы 25 маусымда сағат 10.00-де (Әлиханов көшесі, 13, конференц-зал, 5 қабат) шақырылсын.

 

ХАБАРЛАМА

 Облыстық мәслихаттың 2026 жылғы 25 маусымдағы кезекті XХХV сессиясының қарауына төмендегі сұрақтар шығарылады:

  1. Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын 2025 жылы іске асыру бойынша есеп туралы.
  2. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.
  3. Қарағанды облысындағы спорт саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы.
  4. Қарағанды облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 22 желтоқсандағы «Қарағанды облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» №293 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  5. Қарағанды облысы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы «Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы» №131 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. Басқа да мәселелер.

Сессияны дайындауға жауапты: Әскербек Ибрагимұлы Халтонов, жұмыс тел. 8(7212)506672 (6103), электрондық пошта мекенжайы: obl@karoblmaslihat.gov.kz.

        Қарағанды облыстық мәслихатының

       төрағасы                                                                                                 Н. Кобжанов