Облыстық мәслихат депутаттары бюджетті нақтылау және өңірді дамытудың негізгі бағыттары бойынша шешімдер қабылдады

Облыстық мәслихат депутаттары бюджетті нақтылау және өңірді дамытудың негізгі бағыттары бойынша шешімдер қабылдады

Нұркен Кобжановтың төрағалығымен облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессия өткізіп, облыстық бюджетті нақтылады.

Сессия жұмысына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, сондай-ақ өңірдің қалалары мен аудандарының төрағалары мен әкімдері қатысты.

Депутаттық корпустың назарында әлеуметтік, инфрақұрылымдық және коммуналдық салаларды қамтитын басым бағыттар болды. Атап айтқанда, орфандық аурулары бар пациенттерді өмірлік қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету, телемедицинаны дамыту, сондай-ақ Абай және Ақтоғай аудандарындағы білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі шаралар көзделген.

Маңызды шешімдердің қатарында Қарағандыда кірме теміржол жолдарын салу, Балқаш және Теміртау қалаларында әуе және жол-көлік инфрақұрылымы объектілерін қолдау, сондай-ақ Қарқаралы ауданында автомобиль жолдарына жөндеу жүргізу болды.

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Қарағанды, Теміртау, Приозерск және Шахтинск қалаларында ЖЭО және жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, тыңайтқыштардың құнын субсидиялау, шегірткеге қарсы іс-шараларды қаржыландыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту көзделген.

Сессия барысында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары бірқатар бастамаларды ортаға салды. Атап айтқанда, депутаттар Б.Қ.Алтынбеков пен Қ.Б.Оспанова өңір басшысының атына жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласы қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемақыларын енгізу, сондай-ақ Қарқаралы ауданы мен Саран қаласында «толық бітіріп берілетін» мектеп салу жобаларын іске асыру қажеттілігі туралы депутаттық сауал жолдады.

Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында өңірлік іс-қимыл жоспарының негізгі бағыттары: экологиялық бақылау, суды үнемдеу, инфрақұрылымды дамыту және жастарды эко-акцияларға тарту бойынша шараларды күшейту туралы шешім қабылданды.

Сессия соңында Қарағанды мен Бұқар жырау ауданының шекараларын өзгертуге қатысты стратегиялық маңызды шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс ауданының жаңа әлеуметтік нысандарын салу және көше-жол желісін дамытуды көздейтін «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларының тізбесі бекітілді.

Барлық қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын депутаттар бақылауға алды.