Облыстық мәслихат депутаттары А.Ж.Алимжанов, А.Ж.Алпысов, А.Т.Ескалиева, В.П.Щетинин, Теміртау қалалық мәслихатының төрағасы Алексей Ломакинмен, Теміртау қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілдерімен бірлесіп «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы» сессиялық сұрағын қарауға дайындық аясында Теміртау қаласы мен Ақтау кентіне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында депутаттар Теміртау қаласының спорт мекемелерінің, атап айтқанда Есу спортынан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің, Теміртау қаласының олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің, «Металлург» стадионының, атыс тирінің, сондай-ақ Ақтау кенті спорт сарайының қызметімен танысты.
Инфрақұрылымның қолжетімділігіне, құрал-жабдықпен қамтамасыз етілуіне және саланың кадрлық әлеуетіне ерекше назар аудара отырып, олардың материалдық-техникалық базасының жай-күйі мен бұқаралық және кәсіптік спортпен шұғылдану үшін жасалған жағдайлар зерделенді.
Спорттық инфрақұрылымның тозуы мен толық деңгейде дамтылмауы, объектілерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттілігі, материалдық-техникалық базаның шектеулігі, білікті кадрлардың тапшылығы, сондай-ақ қаржыландыру деңгейінің, оның ішінде спортшылардың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету бөлігінде жеткіліксіздігі негізгі мәселелер ретінде атап өтілді.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер мен велосипед маршруттарының жетіспеушілігін қоса алғанда, жаппай физикалық белсенділікпен айналысу үшін қалалық ортаның қолайсыздығы анықталды, бұл халықтың спортпен тұрақты түрде шұғылдануына кедергі келтіреді.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша саланы дамытуға бағытталған түйінді мәселелер мен ұсыныстардың тізбесі қалыптастырылды. Барлық айтылған бастамалар мен анықталған кемшіліктер облыстық мәслихаттың алдағы сессиясы аясында егжей-тегжейлі қаралатын болады.