Аутизм мәселесі туралы ақпаратты таратудың Дүниежүзілік күні орай аутизм спектрі ерекшеліктер бар (АСБ) балаларды кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етудегі мемлекеттік қолдаудың рөліне арналған дөңгелек үстел өтті.
«Aqylsana» қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шара мемлекеттік мекемелердің өкілдерін, сарапшыларды, медицина мамандарын және АСБ бар балалардың ата-аналарын біріктірді.
Негізгі спикерлер арасында облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов, Медицина университетінің ректоры Бақыт Көшерова, облыстық мәслихаттың бейіндік комиссиясының төрайымы Қадиша Оспанова, облыстық «ПМПК» басшысы Жанар Ермолова, облыстың бас балалар психиатры Ирина Брико, «Balpan» түзету-дамыту орталығының басшысы Маржан Тұрлыбекова, «ҚХП» партиясы филиалының төрағасы Халел Мақсұтов, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ, сондай-ақ АСБ бар балалардың ата-аналары және басқа да сарапшылар болды.
Қатысушылар мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін, ведомствоаралық өзара іс-қимыл қажеттілігін, қаржыландыру тетіктері мен мамандардың ынтымақтастық үлгілерін жетілдіруді талқылады.
Аутизмді ерте анықтауға, кадрларды даярлауға және АСБ бар жасөспірімдерді әлеуметтендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді, оларды облыстық мәслихаттың бейінді комиссиясы бақылауға алды.