
Облыстық мәслихат төрағасы Н.С.Кобжанов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы жанынан ұйымдастырылған «JasQyzmet Community» диалог алаңында жас қатысушылары-студенттерімен кездесті.
Облыстық мәслихат төрағасы Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ұйымдастырған «JasQyzmet Community» диалогтық алаңында жас қатысушыларымен-студенттермен кездесті.
Ашық диалог барысында қазіргі мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері қаралды, соның ішінде жастардың мемлекеттік сектордағы қызметке қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдарларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Облыстық мәслихат төрағасы мемлекеттік қызмет саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, оның еліміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ осы қызметтің қиындығы, ерекшеліктері және жауапкершілігі туралы әңгімеледі. «Сұрақ-жауап» форматы барысында қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
«Осындай диалог алаңы жас ұрпақтың мемлекеттік қызмет жүйесіндегі мансаптың артықшылықтары мен жауапкершілігі туралы нақты түсінігін қалыптастыруға ықпал ете отырып, білім, тәжірибе және көзқарастармен алмасу үшін бірегей платформаға айналуда», - деп атап өтті Нұркен Кобжанов.