Конституциялық өзгерістер мен алдағы республикалық референдум бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында өңірлік коалиция мүшелері – облыстық мәслихат төрағасы Н.С.Кобжанов, «Respublica» және «BAYTAQ» партиялары филиалдарының төрағалары Н.Е. Әубәкіров, С.-М.Т. Казитовпен, облыстық мәслихаттың «Ауыл» партиясынан депутаты С.Шаймағанбетпен Қазақстанда жоғары сапалы әк өндіретін жетекші кәсіпорын «Saryopan Operating» ЖШС, сондай-ақ ашық тәсілмен тас көмір өндіруді жүзеге асыратын «Қазақмыс Коал» ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.
Кездесулер кәсіпорындардың өндірістік учаскелерінде вахталық ауысым қызметкерлерімен өтті. Диалог барысында өңірдің коалициялық бірлестігінің өкілдері жаңа Конституция жобасының ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, ұсынылған конституциялық өзгерістердің қандай мүмкіндіктер ашатынын және қандай кепілдіктерді күшейтетінін жеткізді.
Өз сөзінде Нұркен Кобжанов жаңа Конституция жобасының негізгі идеясы – «мемлекет адам үшін» қағидатын бекіту екенін атап өтті. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктерін күшейту, қоғамдық бақылау тетіктерін кеңейту, мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңдестірілген және адам мүдделеріне бағдарланған моделін қалыптастырады.
Нұрлан Әубәкіров Конституция жобасының ережелерін елдің инновациялық даму міндеттерімен байланыстырды. Өңірлердің дербестігін кеңейту және қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету инвестицияларды тарту, заманауи технологияларды енгізу және кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы құқықтық орта жасайды. Шэньчжэнь қаласының тәжірибесін табысты трансформацияның мысалы ретінде келтіріп, дәйекті реформалар мен заңнаманы жаңарту қарқынды экономикалық өсудің берік негізіне айналатынын атап өтті.
Сұлтан Шаймағанбет жаңа Конституция жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетінін айтты. Азаматтық бастамалардың рөлін күшейту және мемлекеттік институттардың ашықтығы жас мамандардың өзін-өзі дамытуы, олардың шешім қабылдау процестеріне қатысуы мен мемлекеттің болашағын қалыптастыруға белсенді аралысуына нақты жағдайлар жасайды.
Сейфул-Мәлік Казитов Конституция жобасы экологиялық мәселелердің маңыздылығын күшейтетініне назар аударды. Табиғи ресурстарды сақтау үшін орнықты даму және жауапкершілік қағидаттарын бекіту экология мәселелерін Конституциялық басымдықтар деңгейіне көтереді. Бұл экономикалық даму қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына деген қамқорлықпен тығыз байланысты болуы керек дегенді білдіреді.
Кездесулер барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылған өзгерістердің мазмұны бойынша түсініктемелер алды.
Өңірлерде жаңа Конституция жобасының ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғасуда.