Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының мүшелерімен жаңа конституция жобасын талқылауға және алдағы республикалық референдумға арналған кездесу өтті.
Іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов, облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, облыстық мәслихат депутаты Игорь Жабяк, ҚХА жастар қанатының төрағасы Рустам Бузяков, Ассамблея құрылымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жас ғалымдар, студенттер мен еріктілер қатысты.
Облыстық мәслихат төрағасы, облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі, Конституциялық комиссияның мүшесі – Нұркен Кобжанов Конституцияға ұсынылған өзгерістер соңғы жылдардағы дәйекті реформалардың жалғасы екенін және олар әділеттілік, заң үстемдігі қағидаттарын нығайтуға және өкілді органдардың рөлін арттыруға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар депутаттық корпустың өңірлік деңгейде шешімдер қабылдау кезінде қоғам пікірін ескеруде өзінің тиімділігін дәлелдеген Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылының жағымды тәжірибесін атап өтті.
Әлібек Әлденей өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына тоқталып, бүгінгі өзгерістерге жол 1991 жылы - ұлттық бірегейлікті іздеуден және мемлекеттіліктің негіздерін қалыптастырудан басталғанын атап өтті. Ол ұлт құрылысы саласынан нақты мысалдар келтіре отырып, Ұлттық Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі бастамасын қоса алып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудан бастап диалогтың заманауи форматтарына дейінгі қоғамдық келісім институттарының эволюциясы жайында сөз қозғады.
Кездесу барысында жастар құқықтық ағартуды дамыту, ғылымды, кәсіпкерлікті және волонтерлік бастамаларды қолдау бойынша ұсыныстарын ортаға салып, талқылауға белсенді қатысты. Жаңа идеялар мен өзгерістердің қозғаушы күші жас ұрпақ екендігі атап өтілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар жаңа Конституция жобасын одан әрі талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.